Presentation is loading. Please wait.

Presentation is loading. Please wait.

Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар

Similar presentations


Presentation on theme: "Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар"— Presentation transcript:

1 Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар Қазіргі заманғы ақпараттық т Оқытушысы: Жармагамбетова Г.О.

2 Қазіргі уақытта осы заманғы технологиялар әлемі, біз бірнеше ондаған жылдар бұрын байқаған технологиядан айтарлықтай өзгеше. Бүкіл әлем адамзаты АКТ- ны қызметтің барлық саласында жемісті пайдаланады, сондай-ақ бұрын тек армандауға тұрарлық заттар үйреншікті құбылысқа айналды.

3 Дүниежүзіндегі ең бай корпарациялар ІТ дамыту саласында алғашқылардың бірі болып табылады. Атап айтқанда, 35 тонна салмағымен алғашқы ЭЕМ құрылған және бірінші бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізген сәттен бастап, әлем АКТ дамыту мәселесінде айтарлықтай үлкен қадам жасады. 

4 Бүгінгі күні, күннен күнге барынша жетілдірілген өнім шығарылуда, сондай-ақ олар өзінің өнімділігін тұрақты негізде арттыруда. «Apple», «Samsung», «Microsoft», «IBM» сияқты және т.б. алпауыттар ақпараттық технологиялар саласындағы дүниежүзілік мұраға баға жетпес үлес қосты.

5 Интернет, смартфондар, ноутбуктер, нетбуктер, түрлі гаджеттердің және жабдықтардың алуан түрлігі адамдардың өмірін барынша қарапайым қылуда және инновациялық мүмкіншіліктердің жаңа әлемін ашуда, сондықтан бүгінгі күні әрбір қазіргі заманғы адамға ІТ әлемінен қалып қоймауы үшін жаңа жаңалықтардан әрдайым хабардар болуы қажет.

6 Мысалы, қазір ІТ технологиялар саласындағы дүниежүзілік көшбасшы –Apple компаниясы шет жақтарынан басқа бөлігі экраннан тұратын дисплейімен құрылғыны патенттеуде. Сонымен қатар, жапондық Hitachi компаниясы кварц шынысынан жасалған тасығышта мәліметтерді сақтайтын нанотехнологияны әзірледі, ол ақпаратты уақытпен шектеусіз сақтауға мүмкіндік береді, себебі әзірлеуге пайдаланылған материал кез келген температураға және сақтау жағдайларына шыдай алады.

7 Әлеуметтік желілердің пайда болуын АКТ саласындағы үздік жетістіктердің бірі деп санауға болады, олар коммуникацияны әрқайсымыз үшін қолжетімді етіп, барынша қысқартуға мүмкіндік беру арқылы біздің әлемімізді біріктірді.

8 Сонымен қатар, электронды үкіметті құру, электронды сауданы дамыту, бизнес- үдерістерді дамыту, медицина, ауыл шаруашылығы, теледидар және өзге де салаларда АКТ жетілдіру қоғамның өмірін барынша ыңғайлы, әрі қолайлы етті.


Download ppt "Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар"

Similar presentations


Ads by Google