Download presentation
Presentation is loading. Please wait.
Published byЗухрабану Ермахан Modified over 2 years ago
1
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті КеАҚ Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті Физика және техникалық пәндер кафедрасы Дайындаған: Білім берудегі физика мамандығының 2-курс магистранты- Ермахан З.Б Тексерген: п.ғ.к.қауымдастырылған профессор- Қуанбаева Б.О
2
Жоспары: 1.Графиктік есепті шығару әдістемесі 2.Графиктік есеп түрлері 3.Графиктік есептер шығарудың негізгі кезеңдері
3
Есептің жауабын графиксіз алуға болмайтын есептерді графиктік есептер деп атайды. Графиктік есептердің зерттеу нысандары – физикалық шамалардың өзара тәуелділігінің графиктері. Кейбір есептерде график есеп шартында беріледі, екінші бір есептерде графикті оларды есепте берілген деректер бойынша салады. Графиктік есептерді шығаруға қажет білім математика пәнінде беріледі, сондықтан физикада оларды еркін қолдануға болады. Оларға: тығыздық тұрақты болғанда массаның көлемге тәуелділігі, сұйықтың ыдыс түбіне түсіретін қысымының биіктікке тәуелділігі, жылдамдық тұрақты болғанда жүрілген жолдың уақытқа тәуелділігі графиктері жатады.
4
Графиктермен жұмысты қарапайым графиктерді оқып үйренуден бастайды да, тапсырманы физикалық шамалардың сандық байланыстарын табудан, формулалар түзуге дейін қиындатады. Алынған формулаларды қолданып шығарылатын есептер, одан әрі, сандық есептерге айналады. Мысалы, берілген графикке қарап, қозғалысты сипаттаңыз: графиктің әртүрлі бөліктеріндегіs жолды, а үдеуді және t уақытты анықтаңыз.
6
Графиктік есеп түрлері: 1.Есеп шартында берілген деректер бойынша график салынады 2.Берілген график түрі бойынша физикалық шамалардың функционалды байланысы анықталады 3.Берілген графиктен ізделінді шама анықталады 4.Қарастырылатын құбылыс пен жағдай график арқылы сипатталады 5.График көмегімен физиклық үрдіс жан-жақты талданады
7
Графиктік есептер шығарудың негізгі кезеңдері. 1.физикалық шамалар арасындағы байланыс графигі берілсе: 1)графиктің әр бөлігіндегі шамалар арасындағы байланысты ажыратып, оны толық түйсіну; 2)масштабқа негізделіп, графиктен физикалық шамалардың берілген мәндерін (шамалардың абсциса және ордината осьтеріндегі мәндерін, координата остері және графикпен шектелген фигура ауданын, т.с.с.) анықтау. 2.егер график берілмесе: 1)есеп шарты немесе арнайы кестелер бойынша графиктер салынады; 2)ол үшін координата остері сызылып, белгілі масштаб таңдап алынған соң, қажет кесте толтырылады. Кестедегі мәндер координата жазықтығындағы сәйкес нүтелерге беріледі. Нүктелерді қосып физикалық шамалардың өзара тәуелділік графигін алады, әрі қарай, график жоғарыдағыдай талданады.
8
Графиктік әдісті қолдану және физикалық процестер мен заңдылықтардың графиктерін пайдалану шығармашылық ойлауды, бейнені көре білуді дамытады. Оқушылардың графиктік сауаттылығы осындай даярлық шарттарының бірі болып табылады. Көпшілік жағдайларда физикалық процесті графикпен кескіндеу оны көрнекілейді, сөйтіп қарастырып отырған құбылысты түсінуді жеңілдетеді. Есептеулерді біршама жеңілдете отырып, графиктер практикада әртүрлі мәселелерді шешуне кеңінен қолданылады. Есептер шығарудың графиктік әдісін қолданумен байланысты әдістемелік мүмкіндіктердің молдығына қарамастан, қзір пайдаланып жүрген оқулықтар мен есептер жинақтарында графиктердің және сәйкес жаттығулардың тапшылығы байқалады. Кейбір есептерде екі физикалық шаманың байланысы графиктер түрінде беріледі. Олар бейнелейтін функционалдық байланыстың өрнегін жазу үшін графиктерді оқи алу керек.
9
Физика есептерін шығаруға графиктік әдісті пайдалану үшін оқушыда ол туралы ең аз дегенде мынадай мағұлыматтар болу керек: график, координаталық жазықтық, координаталар жүйесі, масштаб және т.б. Физика есептерін шығаруға графиктік әдісті қолдану графиктік есептердің өмірдегі, ғылымдағы, техникадағы мәні жөнінде түсінік береді, графиктермен жұмыс істеудің әртүрлі жақтарымен таныстырады. Мысалы оқушылар графиктік есептер құрудың негізгі тәсілдерін білуі, бұл есептерді шешу тәсілдері бойынша жіктемелей алуы тиіс. Кейбір есептерде екі физикалық шаманың байланысы графиктер түрінде беріледі. Олар бейнелейтін функционалдық байланыстың өрнегін жазу үшін графиктерді оқи алу керек.
10
График бойынша берілген есепке керекті шамаларды анықтап шығаруға болатын есептерді айтады. Графиктік есептерді шығару үрдісінде графиктерді салу, графиктерден қажетті шамаларды тауып, есептеулерде қолдана білуге дағдыланады. Графиктерді салу, тұрғызу кезінде оқушылар физикалық шамалар арасындағы функциялық тәуелділікті түсінуге, ұқыптылыққа үйренеді, яғни олардың танымдық және политехникалық мәні өте зор. Оқушылардың техникалық қабілетін дамытуда, оларды теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана білуге үйретуде, алған нәтежелері мен анықталған мәселелерін талдауда графиктік есептерді шығарту өте пайдалы. Оқушылар өздері есептеу нәтижесінде алған графиктерін қадағалай отырып, ол нені түсіндіретінін, осы жалғыз (қисық па, әлде түзу ма) сызықтың сыр–сипатында қаншама сыр жатқанын ұғатындай дәрежеге көтерілуі керек. Шынында, бір сызықтың сыры соншалықты мол екенін, оның әрбір нүктесі тұнып тұрған өзгерістер мен процестер екенін оқушылар өздері біліп, өздері сезгені құба-құп. Оның үстіне графиктің ең кем дегенде физикалық екі шама арасындағы функциялық тәуелділікті көрсететін кескін сурет екенін, есептерді де, қарастырылатын қағиданы да оңайлататынын ескеру керек. Графиктік есептерді шығаруда қарастырылатын физикалық шамалар арасындағы функциялық тәуелділікті түсіну оқушылардың оны игеру дағдыларын дамытады. Сонымен, физикалық графиктік есептер әрі дағдыны, әрі танымды дамытатын тартымды тәсіл болып шықты. Оның үстіне, мұндай есептер физикалық тұрақтылар мен коэффиценттерді де оқушылардың есінде қалдыруына едәуір көмегін тигізеді.
11
1-есеп. Суретте қалайы температурасының уақытқа тәуелді өзгеру графигі көрсетілген. АВ, ВС, СД аймақтарында қандай өзгеріс байқалады? Қалайының балқу температурасы қандай? Шешуі: 1. Графиктің АВ аймағында қалайының 30 ℃ -ден 232 ℃ -ге дейін қыздыруы сәйкес келеді, ВС аймағында – балқуы, бірақ температурасы өзгермейді, СД аймағында сұйық қалайының қыздырылуы. 2. t пл = 232 о С.
Similar presentations
© 2025 SlidePlayer.com Inc.
All rights reserved.