Presentation is loading. Please wait.

Presentation is loading. Please wait.

 1 Бірінші жалпықазақ съезі  2 Екінші жалпықазақ съезі  3 Алашорда үкіметі  4 Қорытынды.

Similar presentations


Presentation on theme: " 1 Бірінші жалпықазақ съезі  2 Екінші жалпықазақ съезі  3 Алашорда үкіметі  4 Қорытынды."— Presentation transcript:

1

2  1 Бірінші жалпықазақ съезі  2 Екінші жалпықазақ съезі  3 Алашорда үкіметі  4 Қорытынды

3 Бірінші жалпықазақ съезі - 1917 жылы 21-26 шілде аралығында Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана облыстарынан және Бөкей ордасынан 20- дан астам қазақ өкілдерінің қатысуымен Орынбор қаласында өткен сиез. Ол Х. Досмұхамедұлының төрағалығымен, А. Байтұрсынұлының, Ә. Көтібаровтың, М. Дулатовтың, А. Сейітовтың хатшылығымен өтті.

4

5  Сиез қабылданған қаулы бойынша Ресей « демократиялық федеративтік республика болып, қазақ облыстары қоныс, ұлт жігіне қарай облыстық автономия алуға тиіс » болды. Делегаттар жер туралы мәселені аса ұкыптылықпен талқылап, 14 тармақтан тұратын шешім қабылдады. Онда : « Қазақ халқы өзіне қарасты жерге орналасып болғанша қазақ жері ешкімге берілмесін » деп көрсетіліп, бұрын қазақтардың пайдасынан алынып қойған жерлерді кері қайтару талап етілді. Делегаттар « жер туралы қазақ өз алдына заң жобасын жасасын » деген ұсыныс білдіріп, Бүкілресейлік Құрылтай жиналысының болашақ депутаттарына жиналыста бұл мәселені талқылап, оған депутаттыққа кандидат етіп 81 адамнан тұратын тізімді бекітті. Олардың ішінде Ә. Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Әлімхан Ермеков, Х. Ғаббасов, Ж. Ақпаев, Айдархан Тұрлыбаев, А. Сейітов, М. Дулатов, А. Бірімжанов, С. Қадырбаев, Х. Досмұхамедұлы, Ж. Досмұхамедұлы, Мұхаметжан Тынышбаев, Ы. Жайнақов, С. Аманжолов, М. Шоқай, Ә. Кенесарин, Қ. Қожықов, Ғ. Оразаев, Б. Құлманов, У. Танашев секілді белгілі қазақ зиялылары болды

6  « Алаш » партиясы (1917—1920) — Тұңғыш жалпықазақ съезін шақыру туралы шешім 1917 жылғы сәуір айында өткен Торғай облыстық қазақ съезінде қабылданып, съезд оны даярлауды Ә. Бөкейханов пен А. Байтұрсынов бастаған бір топ қазақ зиялыларынан құрылған айрықша бюроға тапсырды. XX ғасырдың бас кезіндегі ұлт - азаттық қозғалыс тарихының өзекті мәселелерінің бірі – Алаш партиясының құрылуы, оның тарихи негіздері, саяси әлеуметтік сипаты және тарихта алатын орны. Қазақ зиялылары саяси партия құру әрекетін бірінші орыс революциясы жылдарында - ақ қолға алған болатын. Төрағасы — Әлихан Бөкейханов.

7  “ Алаш ” сол кездегі еуропалық үлгідегі ұлттық демократиялық партия болған. Партияның басты құжаты болып саналатын бағдарламаның өзі сол тұстағы батыстағы кез келген партияның бағдарламасынан кем болмаған.

8

9  Екінші жалпықазақ съезі — 1917 жылы 5-13 желтоқсан аралығында Орынбор қаласында XX ғасыр басындағы қазақ қайраткерлері Алаш Орда үкіметін жариялаған съез.  Бұл съез Ресейде Қазан төңкерісі болып, большевиктер билікке келгеннен кейінгі тарихи алмағайып кезеңде ұйымдастырылды. Съез шақыру жөніндегі комиссия мүшелері Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы, М. Дулатұлы, Е. Омарұлы, С. Досжанов оны ұйымдастыруда айрықша белсенділік танытты. Төрағасы — Б. Құлманов.

10

11  Қазақ зиялылары Алаш автономиясын аяғынан тік тұрғызу үшін және большевиктермен күресу мақсатында ұлттық әскер құру және кеңестерге қарсы әр түрлі саяси күштермен одақтасу ісіне үлкен мән берді. Съез бұл мәселені жан - жақты талқылап, қазақ милициясының әр облыс, уезд орталықтарындағы саны, оларға әскер ғылымын үйрету және қажетті заттармен ( қару - жарақ, қаржы, көлік және т. б.) қамтамасыз ету тәртібін анықтап, «26 500 адам тіркелген халықтық милиция құрылуы қажет » деген қаулы қабылдады. Бұл идеяны Алашорда үкіметінің мүшесі Ж. Ақпаев ұсынды. Әскер құру ісіне қажетті қаражатты 6 облыстың қазақтары есебінен алатын болды. Алашорда үкіметі Ұлт кеңесіне мүшелер сайланған соң ( қосымшаны қараңыз ), Алашорданың төрағасын сайлау мәселесі өткізілді. Оған Ә. Бөкейхан, Б. Құлманов, А. Тұрлыханов түсті. Сайлау қорытындысы бойынша 79 дауыстан 40 дауыс жинаған Ә. Бөкейхан Алашорданың төрағасы болып сайланды. Бұдан соң оқу комиссиясының құрамына А. Байтұрсынұлы, М. Жұмабаев, Е. Омаров, Б. Сәрсенов, Т. Шонанов сайланды. Бұл съез ғасыр басынан бергі ұлт - азаттық қозғалысының ұлы қорытындысы болды. Ол өзінің тарихи маңызы жағынан ұлтымыздың сан ғасырлық өміріндеғі аса маңызды оқиғалардың қатарынан орын алады

12  Алашорда – Алаш автономиясының үкіметі (1917 ж. желтоқсан – 1920 ж.) Алаш ( немесе Ұлт кеңесі ) 1917 жылы желтоқсан айының 5-13 күндері Орынборда өткен II жалпықазақ съезінде сайланды. Съездің күн тәртібіндегі он мәселенің ішіндегі ең маңыздылары Алаш автономиясын құру және оның үкіметін сайлау болды.  Орынбор қаласында өткен 2- жалпы қазақ съезінде қазақ автономиясы мәселесі бойынша Халел Ғаббасовтың баяндамасын талқылап, қаулы кабылданды

13  Патша үкіметі кез - келген өркениетті бастамаларды тежеп отырды. Өңір халқының бірде - бір өз интеллегенциясы жоқ. Сол себепті съезд өлкеге автономиялық еркіндік және жалпы мемлекеттік, қалалық басқару ұйымдарының кең көлемді жүйесін құру өажет деп есептейді. Басқасының барлығы Ресейге тиесілі болуы тиіс. Ал ол - саясат, экономика, қаржы, әскери іс, полиция, сот және т. б. Батыс Сібір әскерлерінің конференциясы да қазақ халқының ұлттыұ мүдде зарын мүлде елемеді. Тұтастай алғанда, уақытша үкімет те, оның жергілікті ұйымдары да қазақ халқының ұлттың мәселелеріне таскерең күйінде қалды.


Download ppt " 1 Бірінші жалпықазақ съезі  2 Екінші жалпықазақ съезі  3 Алашорда үкіметі  4 Қорытынды."

Similar presentations


Ads by Google