Presentation is loading. Please wait.

Presentation is loading. Please wait.

SQL тіліне кіріспе: Деректер қорының құрылымын құру және жұмыс істеу

Similar presentations


Presentation on theme: "SQL тіліне кіріспе: Деректер қорының құрылымын құру және жұмыс істеу"— Presentation transcript:

1 SQL тіліне кіріспе: Деректер қорының құрылымын құру және жұмыс істеу

2 SQL (Structured Query Language) - бұл құрылымдық сұраныстар тілі
SQL (Structured Query Language) - бұл құрылымдық сұраныстар тілі. Ол реляциялық деректер қорында мәліметтерді құру және өңдеу құралдарын береді. Компьютерлік технологиялардан ерекшелігінен тәуелсіздігі және SQL-ді реляциялық мәліметтер қорының технологиясы облысындағы өндіріс жетекшілерімен қолдауы оны деректер қорының стандартты тіліне айландырды. SQL тілі деректер қорының реляциялық типімен ғана жұмыс істейді.

3 SQL жұмысының сұлбасы

4 Мәліметтерді сұрау және нәтиже алу процесі деректер қорында сұраныстар деп аталады, яғни сұраныстардың құрылымдық тілі. Қатынастарға қолданылатын, сұраныстарды арнайы операторлармен бейнелеуге мүмкіндік беретін алгебралық тілдер Реляциялы ДҚ-сы теориясының пайда болуы екі кластарға бөлуге болатын, сұраныстар тілінің қатарын өндіруге түрткі болды: Предикаттарды санау тілдері, берілген қатынастар жиынтығынан жаңа қатынасты анықтайтын, ережелер жиынтығы

5 DDL DML ДҚБЖ ішкі тілдері Деректер қоры құрылымын сипаттауға арналған
Деректерді анықтау тілі Data Definition Language DDL Деректермен манипуляция жасау тілі Data Manipulation , Language DML Деректер қоры құрылымын сипаттауға арналған Деректерді таңдау мен жаңартуға арналған

6 SQL мәліметтерінің типтері
Жолдық типтер Белгіленген ұзындықты символдық жолдар Айнымалы ұзындықты символдық жолдар Сандық типтер Бүтін санды типтер Нақты санды типтер Күнтізбелік типтeр Дата мен уақытты көрсетуге арналған типтeр

7 Белгіленген нүктелі заттық типтер; Жүзуші нүктелі заттық типтер;
Сандық типтер: Бүтін санды типтер; Белгіленген нүктелі заттық типтер; Жүзуші нүктелі заттық типтер; Белгіленген және айнымалы ұзындықты екілік жолдар;

8 Деректер қорын құруға арналған SQL командалары
Команда Сипаттауы CREATE DATABASE ДҚ АТАУЫ; деректер қорын құру SHOW DATABASES; құрылған деректер қорларын қарастыру USE ДҚ АТАУЫ; Құрылған деректер қорын таңдау CREATE TABLE кесте атауы(<ДҚ өрістерін сипаттау>); создание таблицы базы данных AUTO_INCREMENT Реттік нөмірді қою PRIMARY KEY Бастапқы кілт орнату FOREIGN KEY Сыртқы кілт орнату INDEX НЕМЕСЕ KEY Индекс құру INSERT INTO кесте аты (өрістердің тізімі) VALUES( мәндердің тізімі), …, (мәндердің тізімі); Кестеге бірнеше жолдарды енгізу ALTER TABLE ДҚ құрылымын өзгерту ALTER TABLE Student ADD COLUMN Address char(30); Student кестеге Address жаңа өріс (30 символдан тұратын) қосылады. ALTER TABLE кесте аты RENAME кестенің жаңа аты; Кесте атын өзгерту DELETE FROM кесте аты [WHERE шарт]; Кестеден деректерді жою DELETE FROM student WHERE kodStud=11; SHOW TABLES; Student кестеден 11 кодты студент туралы барлық ақпаратты жою Кесте құрылымын қарастыру CLOSE DATABASE Ағымды деректер қоры файлдарын жабу DROP DATABASE Деректер қорыны жою DROP TABLE Деректер қорының кестесін жою UPDATE Кестенің бір не бірнеше жолдарды модификациялау LOAD DATA INFILE Файлдан кестеге деректерді енгізу

9 SQL мәліметтерінің типтері
Деректер типі Түйінді сөз Диапазоны жолдық VARCHAR TEXT 255 символдан аспайды 65535 символдан аспайды бүтін сандық SMALLINT дейін бөлшек сандық DECIMAL, Numeric Float Double Жол түрінде бөлшек сан Жылжымалы нүктеме күнтізбелік DATE TIME ГГГГ-ММ-ДД форматта ЧЧ:ММ:СС форматта

10 Деректерді жаңарту мысалы
«Сети»- ні «Компьютерные сети»- ге ауыстыратын сұраныс.

11 Деректерді жаңарту мысалы
Кітаптардың бағаларын 5 пайызға кеміту сұранысы.

12 MS SQL Server утилиталары
SQL Server жұмысын басқарумен байланысты негізгі амалдар келесі  утилиталар көмегімен іске асырылады: 1. SQL Server Books Online – анықтамалық жүйеге қатынайтын қосымша; 2. SQL Server Query Analyzer – Transact SQL сұраныс тілінің командаларын орындауға мүмкіндік беретін утилита. 3. SQL Server Service Manager – SQL Server іске қосуын, толық және уақытша тоқтатуын қамтамасыз ететін утилита. 4. SQL Server Enterprise Manager – қолданушыға SQL Server-ді администрлеуге, барлық объектілерге қатынауға, сонымен қатар алдында айтылып кеткен утилиталарды іске қосуға мүмкіндік беретін утилита.  SQL Query Analyzer. Берілген утилита Windows ортасында жұмыс жасайды, жүйе іске қосылғаннан кейін сұхбат терезесі SQL Server атауын, қолданушы атын және оның паролін сұратады. Утилитаның негізгі терезесі екі бөліктен тұрады: жоғарғы жағында комнадалардың теруі ұйымдастырылады, ал төмеңгі жағында сұраныстардың нәтижелері көрсетіледі (сур 1 қараңыз).

13 1 – сурет – SQL Query Analyzer терезесі
Барлық әрекеттер саймандар панелі арқылы жүзеге асырылады. Саймандар панелінде келесі әрекеттерді орындайтын батырмалар орналасады: - текст немесе grid-кесте сияқты нәтижені шығарады; - команда орындалуысыз оның дұрыстығын тексереді; - команданы іске қосу; - сұранысты болдырмау; - сұраныс орындалуы жөнінде қосымша статикалық ақпаратты шығару; - ағымды қосылыстың параметрлерін шығарады; - терезені екіге бөлу: сұраныс терезесі және нәтиже терезесі; - деректер қорын таңдау.

14 2 – сурет – SQL Server Enterprise Manager терезесі
SQL Server Enterprise Manager серверді конфигурирлеуге мүмкіндік береді. Берілген утилита клиент компьютерінде де іске қосылады. Утилитаның сол жағында объект утилиталарының иерархиясы, ал оң жағында объект мазмұны орналасады (сур. 2). Enterprise Manager менюі және саймандар панелі таңдалған объектіге байланысты өзгертіледі. 2 – сурет – SQL Server Enterprise Manager терезесі

15 Деректер қорды жасау Деректер қоры екі тәсілмен жасалады: Enterprise Manager утилитасы арқылы немесе Create Database командасы көмегімен. Databases тобында қолданылатын серверді таңдап, Action менюіндегі New Database командасын орындау қажет. Содан кейін ДҚ файл параметрлерін анықтайтын сұхбат терезесі мен транзакция журналы шығады: - Name – жасалатын деректер қордың атауы; - Automatically grow title – ДҚ-дың өлшемінің автоматты өсуіне рұқсат бермейді: in megabytes – мегабайтқа ауысуына нұсқау береду, by percent – пайызда көрсетеді; - Restrict File growth – мегабайтта бір мәндерге байланысты ДҚ-дың өсуін шектейді; - Unrestricted file growth – ДҚ-дың өлшемін тексеретін режимді сөндіреді.

16 Кестелермен жұмыс Реляциялық деректер қорында мәліметтер базалық кестеде сақталады. SQL Server-дің бір деректер қорында мәліметтер екі миллиардқа дейін жетуі мүмкін. SQL Server-де кестені не SQL Server Enterprise Manager көмегімен, не Transact-SQL тілінде CREATE TABLE командасы арқылы. Бұл командада келесі опциялар бар: - құрылған кестесі бар деректер қор атауы; - кесте қолданушысы; - кесте атауы; - 1-ден 1024 баған аралығында спецификациялар; - бірінші кілтті шектеу (қажет емес); - 1-ден 250 шектеулер (қажет емес); - сыртқы кілттің 1-ден 253 шектеулер (қажет емес); - кесте сақталатын файлдар тізімі (қажет емес). Бағанның әр анықтамасында оның атауы мен мәліметтер типі бар болу керек. Кейбір мәліметтер типтері үшін ұзындық пен дәлдік берілуі қажет. Сонымен қатар, decimal мәліметтер типі үшін үтірден оң жағынан қарағанда мәндер саны берілуі қажет. Кестені құру үшін Action менюінде New Table командасын таңдау қажет. Содан кейін, жасалатын кестенің атауы сұратылады. Келесі опциялары бар кестенің дизайнері ашылады: -    Column Name – баған атауы; -    Data Type – берілген өріс типі. Кесте 3.1-де Microsoft SQL Server негізгі типтері көрсетіледі:

17 1 – кесте – MS SQL Server мәліметтер типтері
Типі Байттар өлшемі Сипаттамасы Binary(n) 1,2 Гб дейін Файлдарды сақтау үшін екілік мәліметтер Varbinary(n) Char(n) n Символдық жол Vchar(n) Datetime 8 Күн мен уақыт Smalldatetime 4 Decimal(p,s) 1-17 p цифрлардың жалпы саны мен үтірден кейінгі s цифрлар саны Numeric(p,s) Float Жылжымалы нүктемен сан Real Int Smallint 2 Бүтін сан Tinyint 1 0-ден 255-ге дейін бүтін оң сан  Money Ақша мәні Smallmoney Bit Булды мәні Timestamp Binary (8) сияқты Text Символдық мәліметтер Image Екілік мәліметтер

18 -         Length – типті таңдағаннан кейін өріс өлшемі автоматты түрде беріледі;
-         Precision – типті таңдағаннан кейін ондық өлшемі автоматты түрде беріледі; -         Default Value – үнсіз келісім бойынша өріс мәндері беріледі; -         Allow Null – жалаушаның белгісі берілген өрісте бос мәнді беруге рұқсат береді; -         Scale – типті таңдағанда мәліметтердің сандық типі дәл беріледі; -         Identity – кестеге жаңа жазбаны енгізген сайын өріске берілген шамамен автоматты түрде өсіріледі: Identity Seed – бастапқы мән, Identity Increment – санауыштың өсуі. Кесте дизайнеріне Action менюіндегі Design Table командасы арқылы не контексті меню арқылы жүзеге асыруға болады. Enterprise Manager арқылы кестеге ақпаратты енгізу үшін Open Table | Return All Rows командасын орныдау қажет. Жазбалардың санын Open Table | Return Top командасы арқылы шектеуге болады.

19 Индекстер Индекстер мәліметтердің реттеп шығаруын және таңдауын ұйымдастыру үшін қолданылады. Индекс болмаса SQL Server сұранысты орындау үшін кестені сканерлеу керек, яғни кестенің барлық жазбаларын қарастыру керек. Егер кестенің өлшемі көлемді болса, онда серверге үлкен жұмыс жүктеледі. Индекстер қажет мәліметтерге нұсқау болып келеді. Деректер қорында индекс дегеніміз кесте парақтарындағы қажет мәліметтерге сілтеме жасалатын тізім. Басқа жақтан қарағанда, деректер қордың объектісі болып келеді. Бірақ бұл обектілерге қосымша жады қажет. SQL Server индексін құрған кезде кесте сканерленеді, сонымен қатар индекстелген бағанда мәнді таңдап, индекстелген параққа мәліметтер парағына нұсқағыш және индекстелген мәндер үшін жолдар идентификаторларын жасайды. SQL Server-де индекстердің келесі екі типі мүмкін: кластерлік және кластерлік емес.            Кластерлік типтес индекстер үшін индекстегі жолдардың тізбегі мәліметтердің физикалық ретімен сәйкес келу керек. Кластерлік индексте тікелей мәліметтер орналасады. Мұндай индекс мәліметтерге қатынау жұмысын тездетеді. Іздеу, реттеу және топтау амалдарын орындау үшін көбінесі кластерлік индекс қолданылады.   

20 Мысалы, ол үшін көбінесе алғашқы кілт құрылған баған қолданылады.
Кластерлік емес типтес индекстерде мәліметтермен байланыс қисын түрдес. Сондықтан, бір кесте үшін бірнеше индекстер беруге болады. SQL Server-де индекстерді екі тәсілмен құруға болады: SQL Server Enterprise Manager программасы арқылы және Transact-SQL тілінің CREATE INDEX операторы көмегімен. Кесте үшін индексті тек оның тікелей қолданушысы ғана құра алады. CREATE INDEX инструкциясында индекс атауы, бір кесте және 16 баған болу керек. Мұнда индекс атауы, бір кесте және 16 бағанға дейін беріледі. Кластерлік индекс жасау үшін CREATE INDEX инструкциясына CLUSTERED кілттік сөз қолданылады.  CREATE [UNIQUE][CLUSTERED|NONCLUSTERED]INDEX имя_индекса  ON имя_таблицы(имя_столбца[,имя_столбца]...)  [WITH]  [FILLFACTOR = x]  [[,] IGNORE_DUP_KEY]  [[,] {SORTED_DATA | SORTED_DATA_REORG}]  [[,] {IGNORE_DUP_ROW | ALLOW_DUP_ROW}]]  [ON имя_сегмента]

21 Мысал   CREATE UNIQUE CLUSTERED INDEX au_id_ind ON authors (au_id) Индексті құрастырғанда Enterprise Manager утилитасы қолданылады. Алғашқы қадамда, кесте ерекшеленеді, содан кейін, Action| All Tasks| Manage Index командасы орындалады. Ашылған сұхбат терезесінде мәліметтер қоры мен кесте пайдаланылады. New батырмасы жаңа индексті ашу үшін терезені ашады, содан кейін индекске кіретін өрістерді ерекшелейді, сонымен қатар, келесі опцияларды орнатады: - Unique values – ендірілетін мәндердің ерекшелігі; - Ignore duplicate values – индекстелген өрістерде қайталанатын мәндерді ұйымдастырады; - Clustered index – бұл опция кластерлік индекстеуді ұйымдастыру үшін қоладанылады. Кестеде бір кластерлік индекс болу мүмкін. Кестеден индекстен басқа алғашқы кілтті құруға болады. Алғашқы кілтті құрғанда кесте дизайнерін ашу қажет, таңдалған өрісте нөлдік емес мәндер енгізуіне рұқсат бермеу керек, яғни Allow Null бағанында белгі алынуы керек, содан кейін Set Primary Key батырмасына басу қажет. 

22 Диаграммаларды қолдану
Диаграмма объектісі графиктік режимде мәліметтердің құрылымын өңдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, кестені құру, кілттерді анықтау, кестелер арасындағы байланысты ұйымдастыру мүмкіндіктерін туғызады. Диаграмманың ерекшелігі оның барлық объектілердің автоматты жасалынуы. Action менюінің New Database Diagram командасы диаграммаларды өңдеу мастерін іске қосуына алып келеді. Саймандар панелінің батырмаларының көмегімен кестенің сыртқа бейнесі мен орналасуын басқаруға болады. Кілттердің көмегімен диаграмма терезесінде кестелер арасындағы байланысты орнатуға болады. Мұндай өріс кестенің сыртқы кілті деп аталады. Содан кейін экранда сұхбат терезесі шығады. Бұл терезеде байланыс атауы және сипаттамасы сұратылады: - Relationship name – байланыс атауы; - Primary key table – кестенің алғашқы кілті; - Foreign key table – кестенің сыртқы кілті; - Check Existing data on creation – берілген байланысқа кесте мәндерін тексереді; - Enabled relationship for INSERT and UPDATE – жасалынған байланыс кестеде ақпаратты қосу және өзгерту амалдары қарастырылады. Жасалынған диаграмманы құрастырып болғанда, жүйе атауын мен мүмкіндіктерін сұратады.

23 Деректер қорын, кестені және көріністерді өшіру
Деректер қоры мен оның объектілері SQL Server-де SQL Server Enterprise Manager программасының көмегімен өшірілуі мүмкін не келесі инструкциялар арқылы: - DROP DATABASE    имя_базы_данных; - DROP TABLE                            имя_таблицы; - DROP VIEW                             имя_представления; - DROP INDEX                           имя_индекса. Бұл инструкциялар қатаң сұранысты қажет етеді. Деректер қорын өшіргенде онымен бірге объектілері де өшіріледі. Кесте өшірілгенде онымен байланысқан индекстер, шектеулер, триггерлер мен мүмкіндіктер өшіріледі. Басты кестені өшіру үшін бірінші қосымша кестенің сыртқы кілттің шектеулерін өшіру керек.

24 Бақылау сұрақтары 1 MY SQL ДҚБЖ ішкі тілдері? 2 DML не үшін қолданылады? 3 DML не үшін қолданылады? 4 ДҚ құру операторы 5 Құрылған ДҚ қарастыру операторы 6 Құрылған ДҚ таңдау командасы 7 Ағымдағы ДҚ-нің файлдарын жабу командасы 8 ДҚ жою командасы 9 ДҚ кестесін құру командасы 10. Кесте құрылымын қарастыру командасы 11 дқ құрылымын өзгерту командасы 12. ДҚ кестесін жою командасы 13 Кестеге бір не бірнеше жол қосу командасы 14 Кестеден бір не бірнеше жол жою командасы 15 Кестенің бір- не бірнеше жолдарды өзгерту 16 Файлдан кестелерді деректерді толықтыру командасы


Download ppt "SQL тіліне кіріспе: Деректер қорының құрылымын құру және жұмыс істеу"

Similar presentations


Ads by Google