Presentation is loading. Please wait.

Presentation is loading. Please wait.

Тақырыбы: Оқушылармен жүргізілетін кәсіптік бағдар беру

Similar presentations


Presentation on theme: "Тақырыбы: Оқушылармен жүргізілетін кәсіптік бағдар беру"— Presentation transcript:

1 Тақырыбы: Оқушылармен жүргізілетін кәсіптік бағдар беру
жұмыстарының әдістемесі

2 Жоспар: Кәсіптік бағдар беру жұмыстарының мәнді сипаттамасы.
2. Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмыстарының негізгі сипаттамасы. жылдық мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмыстарының ерекшеліктері,формалары мен әдістері.

3 1. Кәсіптік бағдар берудің басталуы 1908 жылға жатады. Бұл кезде алғашқы кәсіптік кеңес беру бюросы Бостон қаласында (АҚШ) ашылады. Бірақ та, кәсіптік бағдар беру бұдан да ерте кезде пайда болған деп айтылады. Кәсіптік бағдар беру адами қоғамның дамуын тұтынудан пайда болған. Адамның кәсіптік жарамдылық бағасының кейбір элементтерінің тарихы ерте ғасырда жатыр. Бұл көбінесе білім диагностикасына, білікке және қабілетке жатады. Б.д.д. ІІІ мың жылдықта Ежелгі Вавилонда жазушылыққа дайындалып жатқан мектеп түлектері сынақтан өткізілген.

4 Кәсіптік бағдар беру дегеніміз — педагогтардың, психологтардың, дәрігерлердің және басқа да қызметкерлердің қоғамның қажеттілігіне қарай, әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескеруі. Кәсіптік қызығуы мен қабілеттілігін қалыптастыруға және мамандық таңдауға көмектесуде, мақсатты істелетін жұмыс. Кәсіптік қызығуы мен қабілеттілігін қалыптастыруға және мамандық таңдауға көмектесуде, мақсатты бағдарланған жұмыс.

5 Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының
негізгі міндеттері төмендегідей: — кәсіптік қызығуы мен бейімділігін, қабілеттілігін қалыптастыру және дамыту мақсатында оқушылардың дара ерекшеліктерін зерттеу; — оқушыларды көпшілік мамандықтар туралы түсінікпен қаруландыру; — мектеп бітірушілерге мамандық таңдауға көмектесу; — оқушыларды белгілі мамандықтың түрін меңгеруге бейімдеу.

6 Кәсіптік бағдар беру жүйесінің құрамды бөліктеріне (компоненттерге), кәсіптік ақпарат, кәсіптік ағарту жұмысы, кәсіптік ақыл-кеңес және кәсіптік іріктеу (профотбор), кәсіптік бейімделу жатады. Кәсіптік ақпарат — орта мектептегі кәсіптік бағдар берудің ең негізгі нысандарының бірі. Кәсіптік ақпарат арқылы оқушылар әр түрлі мамандықтардың маңызы мен мәні туралы түсініктер алады. Мамандық бойынша адамға қойылатын талаптармен таныстырылады. Кәсіптік ақпарат өте қиын, жан-жақты жұмыс. Ол әрбір экономикалық ауданның мамандарға қажеттілігі мен оның даму келешегі ескеріле отырып жүргізіледі. Кәсіптік ақпарат өте қиын, жан-жақты жұмыс. Ол әрбір экономикалық ауданның мамандарға қажеттілігі мен оның даму келешегі ескеріле отырып, жоспарланатын, бағыт беретін жүргізіледі. 2.

7 Кәсіптік ақпараттың өте көп тараған түрлерінің бірі — өндіріске саяхат жасау, әр түрлі мамандық иелерімен кездесу және кештер өткізу, жоғары сынып оқушылары мен өндіріс ұжымдары және кәсіптік-техникалық мектептердің оқушыларымен біріккен конференциялар, кәсіптік бағдар беру университеттерін ұйымдастыру, т.б. болып табылады. Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысындағы ақыл-кеңестің негізгі мақсаты — балалардың денсаулық, анатомиялық-физиологиялық және әлеуметтік психологиялық жағдайын талдау негізінде жоғары сынып оқушыларының назарына кәсіптік мамандықтарды ұсыну. Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының ішінде кәсіптік ақыл-кеңес ерекше орын алады.

8 3. Кәсіптік іріктеу — (профотбор) мамандықты меңгеруге жарамдылығын арнаулы әдістеме арқылы анықтауға бағытталған зерттеу процесі. Қоғамда кәсіптік іріктеу белгілі бір мамандықтың түріне зорлықпен жүргізілетін «бейімдеушілік» түрінде болса, кәсіптік іріктеудің (профотбор) негізіне- оның гуманистік, тәрбиелік мәні, жастардың жаңа жағдайда жұмысқа «үйренуі» жатады. Кәсіптік бейімделу (профадаптация) жұмыс орнында, тәжірибелік еңбек әрекетінде іске асады. Кәсіптік бейімделу дегеніміз — мамандыққа жаңа жағдайда бейімделу. Онда, жастардың алғашқы әсерлері, олардың еңбек әрекетінің мақсатын саналы түсінуі мен сезінуі және мамандыққа қызығуын қанағаттандыруының мәні ерекше. Кәсіптік бейімделудің тиімділігі тек қана нақтылы еңбек нәтижелерінен көрінбейді, ол сонымен қатар, өндіріс ұжымында, еңбекке жаңа араласқан жастармен жүргізілетін жүйелі жұмыстың нәтижесінде іске асады.

9 Танымдық  принцип. Мамандық таңдаудағы еңбек іс-әрекетіндегі тек өзінің ғана қызығуын емес, қоғамға пайда келтіруде қанағаттандыратын ұмтылыста айқын көрінеді. Қазіргі кездегі ауыл-шаруашылығына, техникаға қажетті мамандықты таңдауды сезіну, тұлғаның танымының дамығанын көрсетеді. Сай келу принципінің бұзылуы кадрлардың кәсіптік құрылымындағы тепе-теңсіздікке алып келеді. Сай келушілік принципі-қызығушылығы икемділігі, ынтасы, таңдаған мамандығы сонымен қатар қоғамның жалпы қажетті мамандықтағы кадрларға сұранысын қанағаттандыру. Қоғамда өмір сүріп, қоғамнан еркін, тыс болуға болмайды дегендей, өзінің жеке қызығуына қарай, қоғамның сұранысын есепке алмай мамандық таңдауға болмайды. Белсенділік (активность) принципі-мамандық таңдаудағы өзін тану процесіндегі тұлғаның іс-әрекеттің түрін сипаттайды. Кәсіпті белсенді түрде әркім өзі іздеуі қажет. Бұл жерде оқушылар күшін еңбектік және кәсіптік дайындау процесінде практикалық сынау, ата-аналар кеңесі және олардың кәсіптік тәжірибесі, әдебиеттерді (қызығып отырған мамандығы бойынша) іздену және оқу, әр-түрлі үйірмелерде жұмыс, курстарға қатысу, тәжірибе барысында жұмыс жасау және көптеген басқа да нәрселер басты роль атқарады.

10 Оқушылармен жүргізілетін кәсіптік бағдар беру жұмыстарының белсенділік әдістемесі:
Ойындар; Пікірталас Жағдаяттарды талқылау


Download ppt "Тақырыбы: Оқушылармен жүргізілетін кәсіптік бағдар беру"

Similar presentations


Ads by Google