Download presentation
Presentation is loading. Please wait.
1
Орындаған: Курбанкулова Дилдора Анваровна
Туған ел Орындаған: Курбанкулова Дилдора Анваровна
2
Мақсаты: 1. Құрдастарымды туған өлке, оның байлығы, алуан түрлі табиғаты туралы түсінік беру. 2. Туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. 3. Болашақта менің елім.
3
Бағдарлама неге «Туған жер» деп аталады
Бағдарлама неге «Туған жер» деп аталады? Адам баласы – шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды. Батыстан толқындаған Каспий теңізі мен Жайық, Еділ жағалауынан шығыстағы Алтай тауларына дейін, солтүстікте Орал тауларынан тәңірлі тау атанған Тянь - Шань тауларына дейін Ұланғайыр жерді алып жатқан тұнып тұрған табиғаты бар Қазақстан Республикасы. Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады
4
I love his night, I love his day,
Flowing river, rock climbing mountain, love flower, I love her sacred language, I love his mighty voice. I love the insect whisper, Everybody whispers to me, "Otan!" My soul, Break your couch out, Keep up the hustle and bustle! Homeland! It's tall. I will love it forever. Do not love the homeland, Your love for the homeland is also burn ...
5
Kazakhstan Kazakhstan consists of a vast flatland, bordered by a high mountain belt in the southeast. It extends from the lower Volga and the Caspian Sea in the west to the Altai Mts. in the east. It is largely lowland in the north and west, hilly in the center (Kazakh Hills), and mountainous in the south and east (Tian Shan and Altai ranges). Kazakhstan is a region of inland drainage; the Syr Darya, the Ili, the Chu, and other rivers drain into the Aral Sea and Lake Balkash. Most of the region is desert or has limited and irregular rainfall. The population of Kazakhstan consists mainly of Muslim Kazakhs and Russians; there are smaller minorities of Ukrainians, Germans, Uzbeks, and Tatars. Kazakh, a Turkic language, is the official tongue, but Russian is still widely used. Despite Kazakhstan's largely arid conditions, its vast steppes accommodate both livestock and grain production. Wheat, cotton, sugar beets, and tobacco are the main crops. The main trading partners are Russia, Ukraine, and Uzbekistan.
6
Қазақ «Туған жерге туыңды тік» деп бекер айтпаған.
Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті, мен «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынамын. Оның ауқымы ізінше оп-оңай кеңейіп, «Туған елге» ұласады. Мәселен, «Ауылым – әнім» атты әнді айтқанда, «Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін» деп шырқайтын едік қой. Бажайлап қарасақ, бұл – мағынасы өте терең сөздер.
7
Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүріне айрықша ат салысу - шынайы патриотизмнің белгісі. Елім, жерім деп мақтану бір бөлек, кіндік қаның тамған өлкеге деген сүйіспеншілікті арттыру аса маңызды. Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүріне айрықша ат салысу - шынайы патриотизмнің белгісі. Елім, жерім деп мақтану бір бөлек, кіндік қаның тамған өлкеге деген сүйіспеншілікті арттыру аса маңызды. Елбасы мақаласында әсіресе осы туған жер тақырыбы кеңінен тарқатылып, тіпті арнайы жоба құру керектігі де міндеттелді. Ұлттық идеяны жаңғыртып, қасиетті мекенді қастерлеу тұрғысында қаузалған маңызды мақала жайында ақмолалықтардың өз айтары бар. Сіз өз туған жеріңіз үшін не істедіңіз? Жер ананың өтеуін қайтардыңыз ба? Әрине, мұндай тосын сұраққа кез-келгеніміз тосырқап қалатынымыз жасырын емес. Себебі, ел-жеріне деген сүйіспеншілігін игі істермен өтеп, туған жерге туын тіккен азаматтар бар әрине, бірақ саусақпен санарлық. Елбасы рухани жаңғырудың бір тетігін осы тақырыпқа арнады.
9
Қоғамдық сана жаңғырудың негізгі қағидаларын қалыптастыруды ғана емес, сонымен бірге, біздің заман сынағына лайықты төтеп беруімізге қажетті нақты жобаларды жүзеге асыруымызды да талап етеді. Мен 2012 жылғы желтоқсан айында жария еткен «Қазақстан-2050» Стратегиясында «2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін» мәлімдедім. Бұл – сол кезден барлық салаларда біз латын қарпіне көшуді бастаймыз деген сөз. Яғни, 2025 жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліпбиімен басып шығара бастауға тиіспіз. Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты. Әрине, жаңа әліпбиге бейімделу кезеңінде белгілі бір уақыт кириллица алфавиті де қолданыла тұрады.
10
Екіншіден, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын қолға аламыз. Бұл бағдарлама арқылы неге қол жеткіземіз? Ең алдымен, жүз мыңдаған студентке жаңа сапалық деңгейде білім бере бастаймыз. Бұл – білім саласындағы жаһандық бәсекеге неғұрлым бейімделген мамандарды даярлау деген сөз. Қысқаша айтқанда, «Туған жер» бағдарламасы жалпыұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналады. Туған жерге деген сүйіспеншілік Туған елге – Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұласады. Ол үшін «Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы керек. Әрбір халықтың, әрбір өркениеттің баршаға ортақ қасиетті жерлері болады, оны сол халықтың әрбір азаматы біледі. Бұл – рухани дәстүрдің басты негіздерінің бірі. заманауи әлемдегі бәсекелік қабілет – мәдениеттің де бәсекелік қабілеті деген сөз. Біз ХХІ ғасырдың жаһандық картасында ешкімге ұқсамайтын, дербес орны бар ұлт боламыз десек, «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыруға тиіспіз. Әлем бізді қара алтынмен немесе сыртқы саясаттағы ірі бастамаларымызбен ғана емес, мәдени жетістіктерімізбен де тануы керек. Осылайша, мың жылдық тарихымызда төл мәдениетіміз тұңғыш рет әлемнің барлық құрлықтарына жол тартып, басты тілдерінде сөйлейтін болады.
11
Ұлт мақтанышы біздің бұрынғы өткен батыр бабаларымыз, данагөй билеріміз бен жырауларымыз ғана болмауға тиіс. Мен бүгінгі замандастарымыздың жетістіктерінің тарихына да назар аударуды ұсынамын. Бұл идеяны «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы арқылы іске асырған жөн. «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы – Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерінің тарихы. 3. «100 жаңа есім» жобасының өңірлік нұсқасын жасау. Ел-жұрт ұлтымыздың алтын қорына енетін тұлғаларды білуге тиіс.
12
ҚОРЫТЫНДЫ Мемлекет пен ұлт құрыштан құйылып, қатып қалған дүние емес, үнемі дамып отыратын тірі ағза іспетті. Ол өмір сүру үшін заман ағымына саналы түрде бейімделуге қабілетті болуы керек. Жаңа жаһандық үрдістер ешкімнен сұрамай, есік қақпастан бірден төрге озды. Сондықтан, заманға сәйкес жаңғыру міндеті барлық мемлекеттердің алдында тұр. Сынаптай сырғыған уақыт ешкімді күтіп тұрмайды, жаңғыру да тарихтың өзі сияқты жалғаса беретін процесс. Екі дәуір түйіскен өліара шақта Қазақстанға түбегейлі жаңғыру және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігі беріліп отыр. Мен барша қазақстандықтар, әсіресе, жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі осынау ұсыныстардың маңызын терең түсінеді деп сенемін. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарихтың шаңына көміліп қала береді.
Similar presentations
© 2024 SlidePlayer.com Inc.
All rights reserved.