Presentation is loading. Please wait.

Presentation is loading. Please wait.

Ғылыми жетекшісі: биология пәнінің мұғалімі

Similar presentations


Presentation on theme: "Ғылыми жетекшісі: биология пәнінің мұғалімі"— Presentation transcript:

1 Ғылыми жұмыстың тақырыбы: «Қант диабеті кезінде лимфа мен қан плазмасының биохимиялық көрсеткіштері»
Ғылыми жетекшісі: биология пәнінің мұғалімі Алимссакова Балкен Каримовна Ғылыми кеңесшісі: РМК Адам және жануарлар физиологиясы институтының ғылыми қызметкері б.ғ.к. Әбдірешов Серік Наурызбайұлы Орындаған : 10 «А» сынып оқушылары Сиргебаев Алишер, Ерболат Жантөре

2 Жұмыстың мақсаты егеуқұйрықтардың лимфа мен қан плазмасының биохимиялық көрсеткіштеріне аллоксанның әсерін зерттеу. Жұмыстың міндеттері: - егеуқұйрықтардың лимфа құрамының биохимиялық көрсеткіштеріндегі аллоксанның әсерінен болатын өзгерістерді талдау. - егеуқұйрықтардың қан плазмасының биохимиялық көрсеткіштеріне аллоксанның әсерін анықтау

3 Тақырыптың өзектілігі
Халықаралық Диабет Федерациясы мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сараптауы бойынша жылына 4 млн адам қант диабетінен көз жұмады, қазіргі таңда бүкіл әлемде 382 млн адам осы ауруға шалдыққан және 280 млн адам аса қауіпті топты құрайды. Қант диабетімен дүние жүзі тұрғындарының бес пайызға жуығы, яғни 250 миллион адам ауыратыны белгілі және 15 жыл сайын бұл көрсеткіш еселеніп отыратын көрінеді. Тақырыптың өзектілігі Бүгінде қант диабеті ауруының қарқынды өсуі әлемдік денсаулық сақтау ұйымдарының жаһандық мәселелерінің біріне айналып отыр. Қант диабеті адамдарды мүгедектікке және өлімге алып келетін аурулардың үштігіне (басқа екеуі – атеросклероз және рак) кіреді. Бүгінгі таңда дүние жүзінде қант диабетімен ауыратындардың саны көбейіп, жүрек-қан тамырлары, онкологиялық дерттен кейін үшінші орынды иеленуі - көпшілікті алаңдатып отырған мәселе.

4 Қант диабеті ауруы 2 түрге бөлінеді.
«Диабет» деген сөз грекше «тесіп өтемін» дегенді білдіреді. Шынында, қант жасушалық тіндік кедергінің бәрінен өтіп көп мөлшерде сыртқа шығады. Бұл ауруда ең алдымен көмірсулар алмасуы бұзылады. Организм жасушалары көмірсуларды пайдаланбай, бауыр еттерде гликогеннің жасалу мөлшері төмендеп кетеді. Оның ыдырауы күшейеді. Соның нәтижесінде қандағы қанттың мөлшері көбейеді. Қант диабеті ауруы 2 түрге бөлінеді. Диабеттің 1-типтік түрі инсулин өндіретін асқазан безінің реакциялары бұзылған жағдайда пайда болады. Ауруды тудыратын бірнеше себеп бар: вирустар, жеткілікті түрде ана сүтін ембеу және баланы сиыр сүтімен ерте тамақтандыру, құрамында азотты заттардың, тамақ пен суда токсиндердің болуы. І түрімен жас адамдар ауырады, бұлардың ұйқы безінің Ι клеткалары жұқпалы ауру микробтарымен ауыр зақымданғанынан инсулин бөлу қабілеті мүлдем төмендеген. Аурудың бүл түрін инсулинмен емдейді. 2-типтегі диабеттің таралуын тоқтатуға болады деп есептейді. Бұған дене салмағын азайту, физикалық жүктемені ұлғайту, дұрыс тамақтану ықпал етеді. ІІ түрі жасы ұлғайған адамдарда жиі кездеседі, оларда инсулиннің бөлінуі шамалы ғана төмендеген, кейде оның қандағы мөлшері өзгермеуі мүмкін.

5

6 Денедегі қан , лимфа ұлпа сұйықтығы организмнің ішкі ортасын құрайды ұлпа сұйықтығы әрбір жеке торшаларды шая отырып оларды қоректендіруде , зат алмасу процесін қамтамасыз етуде зор роль атқарады. Қан — организмдегі ішкі сұйық ортаның бірі. Ол қантамырларының тұйық жүйесін бойлай ағып, тасымалдау қызметін атқарады. Қан барлық мүшелердің клеткаларына қоректік заттар мен оттегін жеткізеді және тіршілік әрекетінің өнімдерін зәр шығару мүшелеріне тасымалдайды Ересек адам организмінде шамамен бес литр қан болады. Қан — ағзадағы дәнекер тканінің бір түрі. Оның негізгі бөлігі клетка аралық сұйық зат — плазмадан құралады. Плазмадан қан жасушалар — эритроциттер мен лейкоциттер және қан пластинкалары — тромбоциттер болады. Тромбоциттер сүйектің кемік майындағы клеткалардан түзіледі.

7 Лимфа және лимфа айналым
Лимфа-лимфа тамырлары мен лимфа түйіндеріндегі сұйық зат. Ол ұлпалық сұйықтың лимфа капиллярларына өтуінің нәтижесінде пайда болады. Лимфа организмнің ішкі ортасын қанмен байланыстырады. Оның негізгі қызметі- белоктарды ұлпа аралық қуыстан қанға қайтару. Ол организмде суды таратуда, сүт түзуде, ас қорыту, зат алмасу процестерінде маңызды роль атқарады. Лимфа жүйесі жайлы алғашқы мағұлматтар тек XVI ғ. пайда болды. Жылқының вена тамырларын зерттеу үстінде Италия ғалымы Евстафий кездейсоқ жағдайда лимфа жүйесінің көкірек өзегін ашты. Осы елдің басқа зерттеушісі – Азелий шажырқайдағы ақ тамырларды зерттеді. Ал лимфа жүйесін терең зерттеулерді Италия студенті Пике атқарды.

8 Лимфаның құрамы Лимфа бауырда қарқынды түзіледі. Ағза массасының әрбір килогармына шаққанда бауырда мл, жүректе- 5-18, көк бауырда- 3-12, аяқ еттерінде- 2-3 мл лимфа түзіледі. Көкірек өзегі арқылы қанға малдың ірі массасының әрбір килограмына шаққанда сағытына 2 мл лимфа құйылады.

9 Зерттеу жұмыстары ҚР БҒМ ҒК Адам және жануарлар физиологиясы институты лимфа жүйесі физиологиясы лабораториясымен біріге отырып жасалды

10 Қазіргі кезде экспериментальды қант диабетінің моделін алудың бірнеше жолы бар: аллоксан, дитизон, стрептозотоцин енгізу арқылы алуға болады. Біз егеуқұйрықтарда экспериментальды қант диабетін аллоксанды қолдана отырып тудырдық. Аллоксан – күшті бос қышқылды ортада зәр қышқылын тотықтыра отырып алынатын химиялық зат. Аллоксанды 1817 жылы Бруньятелли ашқан жылы Либих пен Велер және 1864 ж. Байер зерттеген.

11 Зерттеу нысаны: Тәжірибе жыныстық жетілген,салмағы 220-250 г
Зерттеу нысаны: Тәжірибе жыныстық жетілген,салмағы г. болатын 30 лабораториялық ақ егеуқұйрықтарға жүргізілді, олардан екі топ құрылды. Біріншісі – бақылау тобы (12 егеуқұйрық), екінші топ (18егеуқұйрық) бір рет тері астынан 15 мг/100 г мөлшерінде аллоксан енгізілді.Жануарлар стандартты рационда ұсталды. Зерттеу әдістері: Егеуқұйрықтарға аллоксан диабеті моделі жасалынды. Қандағы, лимфадағы және несептегі глюкоза мөлшерін тест-жолақтары арқылы «ACCU-CHEEC Active» («Глюкотренд-2») құралын пайдалана отырып анықталды. Математикалық есептеулерден кейін M±m мәліметтері берілген топтарды салыстыру кезінде -*р<0,05 жалпыға мәлім Стьюдент пен Фишер критерийлерін пайдаланып, ықтималдық теориясын тексердік. Алынған мәліметтерді Microsoft Excel компьютерлік бағдарламасын пайдаланып статистикалық өңдеп және алынған өзгерістерді -*р < 0,05 пен *р < 0,001 аралығын сәйкес деп есептедік. Экспериментальды қант диабетінің моделін алу үшін егеуқұйрықтарға 3 күн ашыққаннан кейін құрсақ ішіне аллоксан (15 мг/100 г) енгіздік. Жануарларда 25 тәулік ішінде қант диабеті дамыды.

12 Зерттеу нәтижелері аллоксанды енгізгеннен соң 5 күннен кейін қандағы
Зерттеу нәтижелері аллоксанды енгізгеннен соң 5 күннен кейін қандағы 2 –ші топтағы егеуқұйрықтарда 30 күннен кейін аллоксанды енгізген кезден бастап жасалған өлшеулер дене салмағының 10-12% төмендегенін көрсетті. Интактты егеуқұйрықтардың орташа дене салмағында 235±15 г аллоксанды диабетпен ауыратын 2-ші топтағы егеуқұйрықтардың орташа есеппен дене салмағы 210±12 г дейін төмендеген. 2-ші топтағы егеуқұйрықтардың бір бөлігі өлді. Бастапқы егеуқұйрықтардың санының 10% өлімге ұшырады. Көрсеткіштер Аллоксанды енгізгеннен кейінгі әртүрлі мерзімдердегі глюкозаның мөлшері (ммоль/л) Енгізгенге дейін 5 күннен кейін 30 күннен кейін 45 күннен кейін Қан 5,9 ±1,2 10,9±2,7* 16,7±2,5 20,5±2,7** Несеп 7,2±1,5 8,5±2,3* Ескерту – алынған нәтижелердің статистикалық сенімділігінің өзара айырмашылығы * - р<0,05.

13 Ординат осі бойынша – инсулиннің құрамы мкМЕ/мл
Ординат осі бойынша – инсулиннің құрамы мкМЕ/мл. Абсцисса осі бойынша: 1 – бақылау тобы, 2 –5 күннен кейін, 3 – 30 күннен кейін, 4 – 45 күннен кейін.

14 Экспериментальды қант диабеті кезіндегі егеуқұйрықтардың лимфасы мен қанындағы және несебіндегі глюкоза мөлшері Тәжірибе нәтижелері көрсеткендей, аллоксанды енгізгеннен соң 25 күннен кейін егеуқұйрықтарда глюкоза мөлшері қанда 29,4±2,09, лимфада 31,3±3,0 ммоль/л-ге артты және несепте глюкозурия (3,2±1,03 ммоль/л) байқалды. Қалыпты жағдайда егеуқұйрықтарда глюкоза мөлшері қанда - 4,8 ммоль/л, лимфада - 6,1 ммоль/л, ал несепте – глюкоза болмады

15 Қант диабетіне шалдыққаннан кейін тәжірибелік топтағы жануарлардың қанының тұтқырлығы 51%-ға артты, бұл көрсеткіш бақылау тобында 4,1болған (1-кесте). Экспериментальды қант диабеті кезінде егеуқұйрықтарда қанның ұю уақыты 10%-ға қысқарды, бақылау тобында – 3,2 сек. болған (сур. 3, 1-кесте). Көрсеткіштер Бақылау тобы Тәжірибе тобы Гематокрит: Эритроциттер көлемі 47±2 49±1,5 Плазма көлемі 53±3 51±3,2 Қанның ұю уақыты с. 3,2±0,2 2,8±0,4 Қанның тұтқырлығы 4,1±0,4 6,2±0,8* Е с к е р т у: алынған нәтижелердің статистикалық сенімділігінің өзара айырмашылықтары *- р<0,05.

16 Экспериментальды қант диабеті кезіндегі егеуқұйрықтардың лимфасы мен қан плазмасының биохимиялық көрсеткіштері Атауы Бақылау тобы Тәжірибелік топ Лимфа Жалпы белок, г/л 39,2±0,29 31,8±0,35 Инсулин мкЕД/мл 2,7±0,2 0,9±0,01 Қан плазмасы 59,7±0,03 53,3±0,02 Жалпы билирубин, мкмоль/л 10,4±0,7 11,7±0,9 Мочевина, ммоль/л 8,3±0,3 5,7±0,4** Креатинин, ммоль/л 64,4±5 57,8±3* АлАТ, Б/л 17,3±0,25 90,2±2,23* АсАТ, Б/л 48,3±0,12 143,3±0,15* 3,5±0,02 0,94±0,01 Ескерту: бақылаумен салыстырғанда сеніиділігі Р<0,05*; -. Р<0,01**

17 Осылайшы, зерттеу жұмысын жүргізу барысында, мынадай корытынды жасадық:
Біздің тәжірибелеріміздегі бақыланған егеуқұйрықтардың қан плазмасында инсулиннің құрамы 2,5±1,8 мкМЕ/мл болды. Лимфада ол төменірек болған 1,7±0,8 мкМЕ/мл. 2 – ші топтағы егеуқұйрықтарда аллоксанды енгізгеннен соң 5 күннен кейін қандағы инсулиннің құрамы төмендеді және 45 күннен соң 0,2±0,7 мкМЕ/мл жеткенін байқадық. Осылайша біз аллоксан диабетінің даму барысында лимфа мен қан плазмасының биохимиялық көрсеткіштерін алдық. 1. Егеуқұйрықтарға аллоксанды енгізгеннен кейін, 5 күн өткен соң қан мен лимфадағы глюкозаның мөлшері тез арада жоғарлады, 30 күн өткен соң глюкозурия пайда болып, қан мен лимфадағы инсулиннің деңгейі төмендеді, ол өз кезегінде мүлдем инсулинге мұқтаж аллоксан диабетінің моделін алуға мүмкіндік берді.

18 Назарларыңызға рахмет!!!


Download ppt "Ғылыми жетекшісі: биология пәнінің мұғалімі"

Similar presentations


Ads by Google